Қайғылы оқиға Аляскадағы Фэрбенкс қаласында болды. Көпбалалы отбасынан шыққан 15 жастағы жасөспірім үш аға-әпкесін атып, кейін өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды KCBD телеарнасы.
Полицейлерді үйден оқ дауысын естіген көршілері шақырған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқ жарақаты бар төрт адамның мәйітін тапты.
Оқиға кезінде үйде болған тағы үш бала зардап шекпеген. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, атыс кезінде ата-анасы үйде болмаған.