Қазақстанда азаматтар әлеуметтік желілерде алаяқтыққа үнемі шағымданады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәліметінше, бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурсқа, сервиске бір реттік код арқылы ғана кіруге болатын.
"Осының салдарынан алаяқтар айласын асырды. Жәбірленушінің телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS жіберіп отырды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін талаптарды күшейту тапсырылды. Енді 1414 SMS шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады. Оған қоса тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR код (eGov QR) арқылы ғана кіру мүмкін болады", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, биыл желтоқсаннан бастап осы міндетті талаптарды орындамаған ақпараттық жүйелер 1414 SMS шлюзін пайдалану қызметінен ажыратылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова