Қазақстандықтарға 1414 нөмірінен келген кодты ешкімге жібермеу керегі ескертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
eGov.kz мәліметінше, алаяқтар хабарламада келген кодты алып, цифрлық мәліметтеріңізге қол жеткізіп алуы мүмкін.
"ЭЦҚ-ны өзге адамға берсеңіз алаяқтар түрлі құжаттарға заңды түрде сіздің атыңыздан қол қоя алады", - делінген хабарламада.
Жеке деректерді қалай қорғауға болады:
- 1414 кодын үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- егер қызметкерлерде ЭЦҚ кілттері болса, онда олар жұмыстан шығарылғаннан кейін ЭЦҚ-ны қайтарып алуды қадағалау қажет;
- ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беру қажет;
- ЭЦҚ кілттері бар флэш дискіні жоғалтқан кезде ЭЦҚ жоғалған кілттерін кері қайтарып алу қажет;
- ХҚКО-да ЭЦҚ кілттерін алған кезде олардың құпия сөзін өзгертуді ұмытпаңыз;
- бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілттерін алуда ақылы көмекті қабылдамаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!