Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та "1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер ақылы болады" деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемкорпорация мәліметінше, азаматтар үшін 1414 нөмірі арқылы көрсетілетін қызметтер бұрынғыдай тегін күйінде қалады. Айтылған ақылы қызметтер халыққа емес, мемлекеттік органдарға қатысты.
"Мақсат – әр мемлекеттік органның жеке колл-орталығын ашпай, азаматтармен байланыстың бірыңғай арнасын қалыптастыру. Барлық өтініш 1414 бірыңғай байланыс орталығында жинақталады. Халықтан ешқандай төлем алынбайды", – деп мәлімдеді мекемеде.
Сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар өз колл-орталықтарын оңтайландырып, қажет болған жағдайда 1414 жүйесіне ақылы негізде, өз қаражаты есебінен қосыла алатыны айтылды.
Айта кетейік, 1414 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Операторлар күн сайын сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді, ал түнгі уақытта өтініштерді автоматты дауыс көмекшісі мен чат-бот қабылдайды.
Азаматтар байланыс орталығына:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!