- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 140 студент кетуге...
140 студент кетуге мәжбүр болған. Оралдағы медициналық колледж жатақханасын су басты
Оралдағы медициналық колледж студенттері жатақханадан эвакуацияланды. Ғимаратты еріген су басқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
140 студент жатақханадан кетуге мәжбүр болды, ғимарат жертөлесі еріген қар суына толып кеткен. Барлық қосалқы қызмет жертөледе орналасқан, соның ішінде электр қалқаны да, ғимараттағы жарық сөндірілді.
"Күні бойы дәретханадан субұрқақша су ағып жатыр, суды сорғызып үлгермей жатырмыз", – дейді жатақхананы басқаратын компания өкілі.
Оның айтуынша, олар күні бойы Төтенше жағдайлар департаментінен көмек ала алмаған, олардың бригадасы сағат 20.00-де ғана жеткен.
"Жатақхана 2020 жылы салынған, мұндай апатқа бірінші рет тап болып отырмыз", - деді құрылысты басқарушы компания қызметкерлері.
Олардың айтуынша, ғимараттан түнге қарай эвакуацияланған студенттерді әрең орналастырған. Кейбірі туыстарына, таныстарына барса, кейбірін оқытушылар алып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан