Биыл шілде мен тамыз аралығында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 дерек тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, оның басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты болған.
"Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы - 3,7 млрд теңге.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова