- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1,4 триллион теңге...
1,4 триллион теңге жұмсалды, ал спорттағы рейтинг төмендеп жатыр: Антикор мәлімдеме жасады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен ведомствоаралық мәжілісте спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалу мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы жылдың басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді.
Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта бұрынғы вице-министр, cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, cпортты дамыту дирекциясының басшысы және басқа да лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық, әсіресе балалар спортын дамыту мәселелеріне мемлекет басшысы ерекше көңіл бөледі. Тек кейінгі 6 жылда осы саладағы бюджет екі есеге өсіп, 1,4 триллион теңге болды. Алайда Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп жатыр. Осы сала бюджетінің 90 пайызы жұмсалатын "жоғары жетістіктер" және "бұқаралық" спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады. Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым. "Қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болды. Егер бұқаралық спортта қазір цифрландырылған жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жұмыс істеп тұрса, онда жоғары жетістіктер спортында ашық емес және субъективті төлемдер, аз бақылау, аффилирленген қатысушылар, жалған оқу-жаттығулар және қосарланған қаржыландыруға жағдай жасалған", - деді агенттік төрағасы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан