Синоптиктер Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысында түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.
Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 17-22 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!