- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық азамат ұсталды
14 миллион теңгеден астам қарызы бар астаналық көлігінен айырылды
Астанада жүргізушіден 14 миллион теңгеден астам қарызы бар "KIA QUORIS" көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 қазан мен 8 қараша аралығында Астана қаласында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстарды жүргізіп жатыр.
ЖПШ барысында микроқаржы ұйымына 14 миллион теңгеден астам берешегі бар "KIA QUORIS" көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Атқару өндірісі аясында борышкердің автокөлігі тәркіленді.
Сонымен қатар, Тұран даңғылында жүргізілген рейдтер барысында іздеуде жүрген "VOLKSWAGEN TOUAREG" автокөлігі тоқтатылды. Көлік жүргізушісі жеке кәсіпкерге 4,5 миллион теңгеден астам ірі көлемде қарыз болған.
Көліктер коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізушілерге қарызды төлеу қажеттігі туралы ескертілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина