- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 14 мамырда республиканың...
14 мамырда республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14 мамырда республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.
Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Алматы қ: 14 мамырда кей уақытта найзағай ойнайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.
Астанада найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан