Ақтауда 14 күн бұрын жоғалып кеткен 52 жастағы тұрғын Александр Гипфнер әлі табылмай жатыр. Бұл туралы Lider.kz еріктілеі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Lider.kz мәліметінше, олардың Instagram-дағы жазбасында Желі қолданушысы Александр Гипфнерге ұқсас адамды үш күн бұрын қаладағы 4 шағынауданда көргенін айтқан.
"Ол инсульт алған секілді көрінді, себебі біртүрлі болып тұрды. Ол жан-жағына қарап тұрды", - дейді Желі қолданушысы.
Алайда Александр Гипфнер күні бүгінге дейін әлі табылмады.
Еріктілер Александр Гипфнерді іздеу туралы қағаздарды жабыстырмаған, себебі оған арнайы қаржы жоқ. Олар ер адамды қала бойынша іздеп жатыр.
Ер адам 3 қыркүйекте үйінен шығып, оралмаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!