- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы болжамы
14 қарашада бірнеше өңірде қалың қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктердің болжамынша, ертең, 14 қарашада еліміздің кей өңірінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, ал кей өңірде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар мол жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 23-28 метрге жетеді. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 30 метрден асады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қар мол жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда мұзтайғақ.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан