Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды. Ер адамды "Тұран" ауданы ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері рейд барысында анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені анықталды.
2010 жылы оның үстінен Ташкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы бойынша жауапқа тартылды.
Қазір ол өз еліне депортацияланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз