- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 14 жастағы жасөспіріммен...
14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жастағы кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.
"Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні елге экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір сотталушы тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова