- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
14 бала болды: Абай облысында жолаушылар мінген автобус жолда қалған
Абай облысының полицейлері жолаушыларға сапарды жалғастыруға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақсуат ауданының Екпін ауылы маңында Алматы - Зайсан бағытында келе жатқан Setra маркалы жолаушылар автобусы техникалық ақауға ұшырады. Бұл сәтте автобуста 41 жолаушы, оның ішінде 14 бала болған.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды жақын маңдағы Екпін ауылының Мәдениет үйіне эвакуациялады.
Құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысы мен жергілікті тұрғындардың жанашырлығының арқасында автобус дер кезінде жөнделіп, жолаушылар сапарларын аман-есен жалғастырды.
Қиын жағдайға тап болған жолаушылар полицейлердің кәсібилігі, жедел әрекеті мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек