130 миллион теңге: Шымкентте мемлекет мүддесі қорғалды

Шымкентте 130 миллионнан аса теңге көлемінде мемлекеттің мүдделері қорғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.  

Қала прокуратурасының өтініші негізінде салық органының хабарламасын жою туралы 4 сот актісі заң нормаларына сәйкестендірілді.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Син Юань Стил" ЖШС-на қатысты камералдық бақылау нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы салық органының хабарламасын заңсыз деп тану жөніндегі бірінші сатыдағы соттың шешімін жойды. Даулы сома 31 943 754 теңге болды.
 
Сот дәл осындай шешімдерді "КазАтомХим" ЖШС-на 26 785 714 теңге сомасына, "Қазақстандық болатөнеркәсіп компаниясы" ЖШС-на 8 026 818 теңгеге және "Асыл-ЛТД" ЖШС-на 63 745 170 теңгеге қатысты қабылдады.

Осылайша, қабылданған шаралар негізінде мемлекеттің 130 501 456 теңгеге материалдық мүдделері қорғалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!