130-ға дейін өмір сүруге уәде берді: бүгін - Далай-ламаның туған күні

Бүгін мыңдаған адам Үндістанның Дхарамсала қаласында Тибет буддистерінің рухани көсемі, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Далай-ламаның 90 жасқа толуын атап өту үшін жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Далай-лама 1935 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Жаңбыр мен қалың тұманға қарамастан, салтанатты киім киген халық таңертеңнен бастап Цуклакханг тибет-будда кешенінде Далай-ламаны бір сәтке болсын көру үшін кезекке тұрды.

Мерекелік шара басталмай тұрып-ақ храм лық толды. Храм Үндістан полициясы мен қауіпсіздік қызметкерлерінің күшейтілген бақылауында болды. Далай-ламаны ғибадатханаға екі монах бастап кіргізді, бұл сәт гонг, керней мен сырнай үнімен сүйемелденді.

Іс-шарада Үндістан үкіметінің министрлері мен Далай-ламаның көптен бергі жақтаушысы, Голливуд актері Ричард Гир сөз сөйледі.

Бұл жиын бірнеше күнге созылған мерекенің шарықтау шегіне айналды. Ол Гималайдың етегіндегі шағын қалада өтті. Бұл қала – 1959 жылы Қытайдағы сәтсіз көтерілістен кейін Тибеттен қашқан Далай-ламаның үйі және Тибет үкіметінің шетелдегі резиденциясы.

1970-жылдардан бері Далай-лама Тибетке толық тәуелсіздік емес, өзіндік мәдениеті, діні мен бірегейлігін сақтауға мүмкіндік беретін "маңызды автономиян" талап етіп келеді. Оның бейбіт "орта жол" ұстанымы оған 1989 жылы Нобель бейбітшілік сыйлығын алып келген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!