- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 13 миллион теңге...
13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталған шенеунік толықтай ақталды
Бүгін Шымкент қылмыстық істер жөніндегі соты Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты ақтап шықты. Ол сот залынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат биыл маусым айының соңында таралған еді. Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қоқанбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Оған кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп айып тағылған. Алайда кейіннен бұл бап ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі "Лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдалану" деген санатқа ауыстырылды.
Мемлекеттік айыптаушы екі жылды ең төменгі режимдегі колонияда өтеуді сұраған болатын. Ал бүгін 5 ай тергеуден кейін Мұхтар Қоқанбаев сот залында кінәсіз деп танылып, ақталып шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан