13 қыркүйекте Астанада ауа райы қандай болады?

13 қыркүйекте Астанада ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz

Жексенбі, 13 қыркүйекте Астанада ауа райы нашарлайды. "Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең Астанада оңтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сонымен қатар, елордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Бүгін Астанада күн бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 20-22 градус жылы болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget