Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің иелеріне 2025 жылғы мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу қажет екенін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Салық сомасы салық төлеушілерге екінші деңгейдегі банктерге жіберілген. Соның негізінде әрбір нысан бойынша толық ақпарат көрсетілген PUSH хабарламалар келген.
Салықты мынадай тәсілдермен төлеуге болады:
"2 қазаннан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне хабарлама жіберіледі. Төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы жасалады. Ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларға беріледі", - деп ескертті комитет өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз