"Қазгидромет" қарашаның алғашқы үш күнінде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, үш қалада да жауын-шашын күтілмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қараша елордада күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундтына 3-8, күндіз 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
2 қараша синоптиктер ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 1-3 градус жылы, күндіз 6-8 градус нөлден жоғары.
3 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде 1-3 градус суық, күндіз 4-6 градус жылы.
1 қараша синоптиктер күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде 2-4, күндіз 12-14 градус жылы.
2 қараша күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 14-16 градус нөлден жоғары.
3 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 14-16 градус "плюс" болады.
1 қараша күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.
2 қараша синоптиктер күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 6-8, күндіз 20-22 градус нөлден жоғары.
3 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болуы мүмкін, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз