13 жыл құлдықта болған анасы мен ұлына пәтер сыйға берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баспанаға қаржыны блогер Гүлмира Әбдрашеваның оқырмандары жинаған. Бұл туралы волонтер, блогер Назым Жанғазы хабарлады.
"Бір апта бұрын Түркістан облысындағы кризис орталығында болып, 13 жыл құлдықта болған 16 жастағы Наум (есімі өзгертілген) мен анасы туралы айтқан едім. Бүгін қуанышты жаңалықты бөліскім келіп отыр.
Наум туралы айтқаннан кейін менің құрбым Гүлмира Әбдрашева мен оның оқырмандары жналып, 23 сағаттың ішінде 25 миллион теңге жинап берген. Келесі күні еріктілермен Шымкентке бардым. Ол жерде анасы мен баласының тұрғылықты мекен жайын ауыстыру туралы шешім қабылдадық", - дейді Назым Жанғазы.
Оның сөзінше, құлдықта болған анасы мен баласына екі бөлмелі пәтер сатып алынған.
"Пәтерді сатып алғаннан кейін бірден құжаттарды реттедік. Олар толық үйренісіп алғанша кризис орталығында болады. Артынша өз үйлеріне көшеді", - дейді Назым Жанғазы.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта Наумның құжаттарын реттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!