13 жастағы мопед жүргізушісінің жағдайы ауыр: Жантүршіктірер жол апатына қатысты жаңа жайттар белгілі болды

Талдықорғанда Тойота Камри автокөлігі мопед тізгіндеген 13 жастағы жасөспірімді қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода Талдықорғанның басты көшесімен бірнеше көліктің жылдамдықпен келе жатқаны көрсетілген. Жол қиылысында көліктердің бірі мопедпен соқтығысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta_)

"Тойота Камри көлігі Абылай хан - Сланов көшелерінің қиылысында 13 жастағы мопед жүргізушісін қағып кетті. Жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды.

"Тергеу кезінде жапондық шетелдік автокөлік жүргізушісіне қатысты "Келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", - деді полиция қызметкері.

Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының мәліметінше, науқас 2009 жылы туылған. 20 шілдеде сағат 16:46 да көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр полижарақаттану диагнозымен түсті. Травматикалық бас миының жарақаты - ми қызметінің уақытша немесе тұрақты бұзылуына әкелетін ми тінінің физикалық зақымдануы болған. Травматикалық шок 3 дәрежелі.
Көптеген жарақатқа байланысты баланың жағдайы өте ауыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек