13 жастағы Астана болашақта ұшқыш болғысы келеді

13 жастағы Астана болашақта ұшқыш болғысы келеді
Фото: Taraz24tv

13 жастағы Астана болашақта ұшқыш болғысы келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана есімді оқушы Жамбыл облысы Байзақ ауданында тұрады. Жасөспірім сабақты жақсы оқиды. Оутбол ойнағанды ұнатады. Спортпен шұғылданып жүр. Дзюдомен айналысады.

"Ағылшын тілі пәнін жақсы оқиды. Оның арманы - ұшқыш болып, шетелдерге шығу. Сол үшін ағылшын тілін үйрететін үйірмелерге жазылған", - дейді Астананың анасы Гүлнәр Жұрымбаева.

Немересіне ерекше есімді атасы Қазы Дәрменов қойған екен. 92 жастағы ақсақал Астананың еліне қызмет ететін азамат болады деп үміт артады. Астана Ақылбай - үйдің үлкені. Оның үш інісі мен бір қарындасы бар.

А.Сырымбет

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz