- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 13 градус жылы:...
13 градус жылы: желтоқсанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері желтоқсан айында ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандардың мәліметінше, биыл Қазақстанда қыс біртіндеп қаhарына мінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желтоқсанның таяу күндерінде және бір айдың ішінде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: солтүстік жартысында қар, кейде боранды қар жауады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді, желдің екпіні айдың басында ҚР солтүстік-батысында және солтүстігінде 30 м/с және одан да күшті болады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуымен бүкіл елде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:
- елдің батысында түнде 20 градусқа дейін, күндіз 13 градусқа дейін;
- солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта түнде 30 градусқа дейін, ал күндіз 20 градусқа дейін;
- республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 20 градусқа дейін, күндіз 10 градусқа дейін суық болады.
Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі:
- ҚР солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10 градусқа, ал күндіз 5 градусқа дейін суық болады;
- оңтүстік жартысында түнде 3 градус жылыға дейін, күндіз 13 градус жылы болады.
Алайда кейде солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температура:
- ҚР солтүстік жартысында түнде 20-30 грудус суыққа дейін, күндіз 8-15 градус суыққа дейін;
- ҚР оңтүстік жартысында түнде 10-17 градус суыққа дейін, күндіз 3-10 грудус суыққа дейін төмендейді.
Синоптиктер сонымен бірге желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2 градустан жоғары болатынын, желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болатынын болжады.
Еске салайық, синоптиктер бұған дейін Қазақстанда биыл қашан қар жауатынын болжаған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан