Белгілі қазақстандық спортшы Евгений Гончаров Ақтөбе облысының спорт басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақтөбе Таймс-қа" сілтеме жасап.
Евгений Гончаров аталған қызметте бес жыл жұмыс істегеннен кейін кетуге бел байлаған.
Еске салайық, 2015 жылдың ақпан айында Гончаров Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалған болатын. Ол бұл қызметті 2019 жылдың қазан айына дейін атқарды.
Кейін Гончаров Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне ауысуына байланысты қалалық әкімшіліктен босатылды. Осы уақытқа дейін облыстық спорт басқармасында жұмыс істеді.
Айта кетейік, Евгений Гончаров - шәйнек көтеруден 13 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның 32 дүркін чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, серпе көтеруден Азияның абсолютті рекордшысы, әлем рекордшысы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!