- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 13-15 ақпанға арналған...
13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото:
massagetkz
Қазақстанның бірқатар аумағында ақпанның 13-15 күндері күн алабұлтты және жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
"Сібір антициклонының сілемдері демалыс күндері Қазақстан аумағының ауа райына әсер етеді. Республиканың көптеген облысында күн алабұлтты және жауын-шашынсыз, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп күтіледі. Осы аудандарда температура қалыпты нормадан 3-6 градусқа төмен болады, бірақ жауын-шашын болмайды. Тек республиканың орталығында және солтүстігінде жақын арадағы тәулікте атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде аздаған қар жауады", − дейді синоптиктер.
Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде көру қашықтығы 100-500 метр болатын тұман сақталады.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін