- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 12,4 миллиард текше...
12,4 миллиард текше метр тасқын суы көлдер мен шабындықтарға жіберілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы су тасқыны кезінде көлдерге, лимандарға және суармалы шабындықтарға 12,4 миллиард текше метр су жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лимандарға 1,2 миллиард текше метр, көлдерге 4,5 миллиард текше метр, өзен сағасындағы суармалы шабындықтарға 6,7 миллиард текше метр су жіберілген. Су тасқыны кезінде еліміздің су қоймаларына жалпы 12 миллиард текше метрден аса су жиналған, бұл былтырмен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Ведомство мәліметінше, жиналған тасқын су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
"Жиналған су негізінен ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Сондай-ақ, су тасқынын лимандар мен шабындықтарға бағыттау мал шаруашылығына қажет жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Тасқын судың бір бөлігі су қоймаларына жіберілді. Биыл қоймаларға жиналған судың жалпы көлемі 75 миллиард текше метр, бұл былтырғы көрсеткіштен 15 миллиард текше метрге артық", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова