12 сәуір - ғылым күні! Қаныш Сәтбаевтың немересі атасынан не алғанын айтты

12 сәуір - ғылым күні! Қаныш Сәтбаевтың немересі атасынан не алғанын айтты

12 сәуір - қазақтың біртуар перзенті, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Осыған орай Павлодардағы әйгілі геологтың есімі берілген көшедегі ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Шараға Алматы қаласынан келген ғалымның немересі Алима Жармағамбетова қатысты.

"Немересі ретінде атам осындай болғанына мақтанамын. Ғылым өкілі ретінде атамның Қазақстанға сіңірген еңбегін білемін. Қиын кездерде ол қорықпай Мәскеуде Жезқазған кен орнының бай қазынасы бар екенін дәлелдей білді. Қазір онда кен шығып жатыр. Ғылым академиясын ашқанының өзі ерлік болды. Ол құр академия емес, сол арқылы жастарды Мәскеуге оқуға жіберді. Қазақстанға кадр әкелді", - деді Алима Жармағабетова. 

Алима Жармағабетова немере ретінде атасының жанында көп болмағанын айтады. Өйткені ғалым Қаныш Имантайұлы істің адамы болған. Десе де, атасының бата бергені әлі есінде.

"6 жасыма дейін біз атамның саяжайында болдық, сонда тұрдық. Атамның батасын да алдым. Әрине, атам істің адамы болғандықтан уақыты аз болды. Жұмыстан жаяу қайтқанды ұнататын. Маған Мәскеуден сыйлықтар әкеліп беретін. Иә, атам күнде менің қасымда болған жоқ. Бірақ араласып тұрдық", - дейді Сәтбаевтың немересі.  

Сондай-ақ, қазір Павлодардағы Торайғыров университетінде дәстүрлі "Сәтбаев оқулары" өтіп жатыр. Келер жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойын ауқымды көлемде атап өту жоспарланған.

 Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек