12 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 ақпан сағат 9:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 535 бірлік техника және 875 жолшы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!