- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 12 облыста республикалық...
12 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Фото:
ҚазАвтоЖол
12 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 ақпан сағат 9:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
- Абай облысында - 1 учаске (42 км)
- Ақмола облысында - 14 учаске (1226 км)
- Ақтөбе облысында – 4 учаске (662 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (211 км)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
- Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
- Қарағанды облысында - 3 учаске (288 км)
- Қостанай облысында - 2 учаске (52 км)
- Қызылорда облысында - 3 учаске (815 км)
- Павлодар облысында - 1 учаске (54 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (98 км)
- Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 535 бірлік техника және 875 жолшы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина