- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 12 облыста ауа...
12 облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды
23 сәуірде Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метр. Түнде облыстың орталығында 3 градус үсік сақталады Талдықорғанда түнде 3-5 градус үсік сақталады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр. Қостанай қаласында Күндіз найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай болады. Оңтүстіктен, жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, Күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Петропавл қаласында оңтүстіктен жел соғады Күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, Күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с болады. Жезқазған қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, Күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с болады. Қарағанды қаласында оңтүстіктен жел соғады, Күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында найзағай болады. Астана қ: оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және Күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ: оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай болады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай болады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында Күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, Күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, Күндіз 15-20 м/с.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, Күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина