12 млн теңге алған: 8 жыл бұрын танысын алдаған алаяқ қолға түсті

Абай облысында 12 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 2016 жылы сәуірде басталған. 45 жастағы кәсіпкер полицияға арыз түсіріп, танысы алдап кеткенін жеткізген.

Оның айтуынша, 59 жастағы азамат сеніміне кіріп, бірлескен кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы ұсыныс жасаған. Осы сылтаумен кәсіпкерден 12 миллион теңге көлемінде ірі соманы алып, кейін қайтармаған.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алайда ұрланған ақша жұмсалып кеткені анықталды.

Полицейлер қылмыстық іс бойынша қажет дәлелдерді жинап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұл дерек бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасау дерегімен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз