Экологтар тексерісінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы ауаны ластағаны үшін 1 миллиард теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысы экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 2022 жылғы 5 қыркүйек пен 3 қазан аралығында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на қатысты "Жол картасы" бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның барлық кәсіпорындардағы цехтерге жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
"Тексеру барысында компания Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзушылықтардың бірқатарын анықтады. Негізгі бұзушылықтар кокстеу, ЖЭО-2, агломерация, домна пеші, № 2, № 3 әк күйдіру цехы сияқты цехтар үшін рұқсат етілген шекті шығарындылардың белгіленген нормативтерінен асып түсті", - делінген хабарламада.
Анықталған заң бұзушылықтар үшін Департаментпен табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгінгі таңда Теміртау әкімшілік сотының қаулысымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшін 2023 жылдың 15 тамызына дейін айыппұлды үш кезең бойынша бөліп төлеу жоспары белгіленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!