- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 12 қылмыстық топ...
12 қылмыстық топ мал ұрлығымен айналысып жүрген
12 қылмыстық топ мал ұрлығымен айналысып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Операцияны жүргізуге 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату фактілерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді. Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан астам ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды.
Сонымен қатар, ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық фактісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина