"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қар мол жауып, көктайғақ болатынын және жаяу бұрқасын мен екпіні күшті жел соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының таулы аудандарында қар мол жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз шығысында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматыда түнде көктайғақ, кей уақытта тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шымкентте түннің бірінші жартысында көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман.
Жетісу облысының таулы аудандарында қар мол түседі, күндіз көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар мол жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!