- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 12 жылға дейін...
12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында екі жас жігіт экспедиторды тонамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарақшылық оқиға сәуір айының басында Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында орын алған. Екі жас жігіт сауда компанияларының бірінің экспедиторына зорлық-зомбылық көрсетіп 1,8 миллион теңге салынған пакетті алып кеткен. 1990 жылы туған жәбірленушінің айтуынша, шабуыл жасағандар бетперде киіп, оның бетінен бірнеше рет ұрған. Ақша салынған пакетті алған қарақшылар ВАЗ-2115 көлігіне отырып, бой тасалайды. Көп ұзамай 1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұсталды. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалып, ақшалары тәркіленді.
Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 3-бөлігі - қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айгерім ҒАЛЫМ
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы