- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 12 жыл жасырынып...
12 жыл жасырынып жүрген алаяқ ұсталды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Алаяқтық жасағаны үшін 12 жыл жасырынған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
17 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған Р. есімді азаматшасын ұстады.
2012 жылы маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету деген сылтаумен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген.
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды. Жасалған қылмысы үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина