14 жастағы Айбат Ахметжан 30 тілді қалай меңгергенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Таңшолпан" бағдарламасында бөлісті. 8-сынып оқушысы жойылып бара жатқан тілдерді меңгергенді ұнатады.
"Қазіргі тілдерге қарағанда ежелгі тілдердің тарихы, әдебиеті бай. Тілге деген құштарлық Италиядан басталды", - дейді оқушы.
Айбат Ахметжан орыс, ағылшын, француз, италиян, испан тілдерін жетік біледі. Одан басқа, араб, мырси, ливан, хинди, парсы, поляк, неміс, түрік тілдерінің грамматикасын меңгерген. Ал оқып және түсіне алатын тілдер ішінде: санскрит, пенджаб, маратхи, ежелгі латын, сербо-харват, Х ғасыр бұрынғы иврит, грек, Койне стандарты бойынша тілдер.
"Тіл үйренуді 12 жасымда бастадым. Алғашында бағдарлама арқылы бастадым, бірақ оны маңызды нәрсе деп қабылдамадым. Кейін қысқа қарай латын тілін оқи бастадым, одан кейін ежелгі грек, араб, мысыр тілдеріне қызықтым. Алдымен сол елдің тарихын оқимын, әдебиеті, жазбасына қараймын", - дейді ол.
Оқушы ежелгі тілдерде қалай дұрыс сөйлей алатынын түсіндірді. Оның айтуынша, ғалымдар ежелгі тілдердің дыбысталуын қайта жасаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!