Ауа райы болжамына сәйкес, 12 ақпанда Алматыда қар жауады, ал Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Казгидрометке" сілтеме жасап.
12 ақпанда Алматыда ауа температурасы күндіз-түні 0+2 градусқа дейін жылиды. Бұлтты, кейде жауын-шашын, негізінен қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
Астанада ертең түстен кейін 13-15 градус аяз болады. Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде температура минус 21-23 дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.
Еске салайық, Қазақстанның 9 облысында 12 ақпанда дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының қолайсыздығы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында күтіледі. Синоптиктер аталған аймақтардағы көктайғақ, тұман, қар мен боран туралы ескертті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Оразаны не бұзады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!