12 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккендер туралы жаңа дерек шықты

Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 6 науқас та Ақтөбеде емделіп жатыр.

"2 науқас жансақтау бөлімінде, 4 науқас бөлімшеге ауыстырылды. Олардың арасында әлі күнге дейін комада жатқан 16 жастағы оқушы бар", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!