Кейбір адамдар денсаулықты нығайту немесе асқазан-ішек жолдарын тазалау үшін біршама уақыт аш жүреді. Ал адам аш жүрсе ағза күшті майдан алады, бұл салмақ тастауға септігін тигізеді. Сарапшылар 12, 24 және 36 сағат бойы аш жүрсеңіз, ағзада не болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 сағат
Бұл уақыт ішінде ас қорыту жолындағы барлық тамақ қорытылып, шамамен 13-ші сағатта зақымдалған және жұмыс істемейтін жасушалардан құтылатын жасушалық жаңару процесі - аутофагия басталуы мүмкін. Бұл ағзаға ауру, вирус, зиянды бактериялармен күресуге және қатерлі ісікке қарсы тұруға көмектеседі. Өсу гормонының деңгейі көтеріле бастайды.
24 сағат
24 сағаттан кейін ағза глюкозаны тұтына бастайды. Кетоз пайда болады: инсулин деңгейі төмендеп, ағза жиналған май қышқылдарын энергия молекулаларына, яғни кетонға айналдырады. Бұл майдың еру процесін тездетеді.
36 сағат
Аутофагия 300 пайызға артады. Дене өлі және зақымдалған жасушалардан арылып, толық тазарту режимінде болады. Майдың ыдырауы осы кезде жалғасады.
36 сағаттан кейін ағза аутофагия мен кетоздың жылдамдығын одан әрі арттырады, дегенмен толық тазалау процесі 72 сағаттан кейін аяқталады. Сондықтан адамның көпшілігі 72 сағат - ең ұзақ уақытқа аш жүруге тырысады.
Айта кетейік, бұған дейін күнде таңертең аш қарынға жылы су ішсе не болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Топырақтың құрамы неден тұрады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!