Дүйсенбі, 11 қараша күні бес жұлдызнама белгісі өкілдерін ерекше тосынсый күтіп тұр. Оларды 11.11 - айналы күн қуантады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егіздер
(22.05-21.06)
Айналы күн сізге өз потенциалыңызды ашуға және проблемаларыңыздан арылуға көмектеседі. Бұл күні мақсаттарыңызға қарай жылжуға көмектесетін құнды кеңес естуіңіз мүмкін. Арманыңыздағы өмірді сүруді бастаңыз.
Шаян
(22.06-22.07)
Бұл айналы күнді позитивпен қарсы алыңыз. Сіз жаңа жеңістерге жетесіз, сәттілік серігіңіз болады. Дүйсенбі күні біраз проблемаңыз шешіледі. Бұрыннан шешілмей жүрген істерге кірісіңіз.
Бикеш
(23.08-22.09)
Дүйсенбі күні сізді кездейсоқ жағдайлар күтеді. Бұл жағдайлар сізге тек бақыт әкеледі. Жаңа шытырман оқиғалардан қорықпаңыз және авантюраларға келісім беріңіз.
Таразы
(23.09-22.10)
11.11.2024 күні сіз өз махаббатыңызды табуыңыз немесе қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығуыңыз мүмкін. Жүрегіңізден романтикаға жол ашыңыз, жан дүниеңізді ауыртады деп қорықпаңыз. Махаббат саласында сіздің жолыңыз болмақ.
Мерген
(22.11-21.12)
Қарашадағы бұл айналы күн сіз қорқып жүрген өзгерістер толқынына енуге көмектеседі. Күмәндарыңыз сейіледі. Бұл күні сізге көптеген мүмкіндіктер есігі ашылады.
Оқи отырыңыз: Қараша айына арналған жұлдыз жорамал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз