"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады.
Оңтүстік циклонның әсерінен кейбір өңірлерде жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Тек батыс пен оңтүстік-батыста антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болжанады.