11 шақырым биікте ұшып бара жатқан ұшақтың алдыңғы әйнегі жарылды

11 шақырым биікте ұшып бара жатқан ұшақтың алдыңғы әйнегі жарылды
Фото: depositphotos.com

АҚШ-та Денверден Лос-Анджелеске ұшып бара жатқан United әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағының алдыңғы әйнегінде жарық пайда болды. Ұшақ 11 шақырым биікте болған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Travel The Aviation Herald-ға сілтеме жасап.

Оқиға кезінде бортта 140 адам болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ұшқыштар алдымен төмендеп, кейін маршрутты өзгерткен. Оқиғадан шамамен 50 минут өткен соң ұшақ Солт-Лейк-Сити әуежайына қонған.

Әуекомпания бұл рейс жолаушылары үшін қосалқы ұшақ бөлді, нәтижесінде олар Лос-Анджелеске шамамен алты сағатқа кешігіп жетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget