- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "11 сағат наркозда...
"11 сағат наркозда жаттым". Әлішер Каримов басынан өткен ауыр жағдайды еске алды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Әнші Әлішер Каримов Асхат Садырбайға берген сұхбатында басынан өткен ауыр ота жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі омыртқасының қисықтығына байланысты Оңтүстік Кореяда ота жасатқан.
"11 сағат омыртқама ота жасады. Бірнеше сағат бойы наркоздың астында жаттым. Жасатқаным дұрыс болды. Омыртқамның ауырғаны, қисықтығы кетті. Отаны Оңтүстік Кореяда жасаттым. Құны бір пәтердің бағасына шықты. Бұрын екі сағат концерт берсем, екі сағат бояндыратын бөлмедегі кереуетте жататын едім. Ал қазір бір күнде 3 концерт бере аламын. Омыртқам ауырмайды", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы