1,1 миллионның әшекейі: Қарағанды облысында 36 жастағы адам қарияны тонаған

1,1 миллионның әшекейі: Қарағанды облысында 36 жастағы адам қарияны тонаған
Фото: siapress.ru

Қарағанды облысында көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы азаматшаны ұстады.

Күдікті 64 жастағы көршісінің үйде болмаған сәтін пайдаланып, оның үйіне кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі  – 1 миллион 100 мың теңге. Ұсталған азаматша жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина