- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "11 қылмысқа қатысы...
"11 қылмысқа қатысы бар". Жетісу облысында алаяқ саудагерлерді жалған чек жасап алдаған
Жетісу облысы Текелі қаласында саудагерлерді жалған чек жасап алдаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция күдікті ретінде 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
"Ер адам бұрын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Қазір ұсталған адам алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол әлеуметтік желілердегі қосымшалардың бірін пайдаланып, түрлі тауарларды - азық-түлік, темекі, алкоголь және т.б. сатып алып, облыс орталығында сатқан", - деді Текелі қаласының ПБ бастығының орынбасары Нұрболат Шаму.
Залалдың жалпы сомасы есептеліп жатыр. Текелі полицейлері ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина