11 қарашадан бастап Алматы мен Қонаев қаласы арасында электр пойызы қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те жетеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді. Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орын болатын 3 вагон бар. Тасымалдауды "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Мемлекет басшысы жаңа пойыз бағытын ашу туралы тапсырмасын 19 қазанда Алматы облысына жасаған сапары аясында берген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!