Луина лақап атымен танылған әнші Луиза Қарынбаева Din Dina show бағдарламасына берген сұхбатында балалық шағында мешітке барып, намаз оқығанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бүгінде намаз оқымайтынын, бірақ бірнеше сүре есінде екенін жеткізді.
"Мен ата-әжемнің қолында өстім, атам құрметті молда болды және бір кездері бізді медресеге құран оқуды үйренуге апарды. 11 жасымда атам "қазір жазғы демалыс, мектеп аяқталды, сендер мешітке барасыңдар, оқисыңдар" деді. Ағам екеуміз Ақтаудағы мешітке 3 ай бардық. Мен онда құран оқи алатын едім, намаз оқитынмын. Әрине, бүгінде оның бәрін ұмытып қалдым, бірақ арабша әліппе есімде қалды, оған қоса сүрелер есімде, мысалы, Ықылас, Фатиха сүресін әрдайым бір жаққа ұшатын кезде, өмірімде маңызды бір дүние болатын кезде оқып жүремін. Бұл менің молда, имам болған атамның арқасында", - деді Луина.
Еске салайық, бұған дейін әнші Луина жолдасы екеуі екі бөлек жүрген соң оны қатты сағынып жүргенін жеткізгені хабарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!